28.06.2012, 13:22 2748

"ҚТЖ" ҰК-ның қызметкері Орал станциясындағы жүк вагонынан 56 тонна құс етін ұрлауда күдікті деп танылды

Бағасы 17 млн. теңгеге жуық тауардың жоғалуы туралы станцияның жұмыскерлері полицейлерге 16 маусым күні хабарлады.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қызметкерін Орал станциясындағы жүк вагонынан 56 тонна құс етін ұрлауда күдікті деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұрланған тауардың бір бөлігі - 31 тонна көп ұзамай атыраулық фирмалардың бірінде табылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлім етті.

Бағасы 17 млн. теңгеге жуық тауардың жоғалуы туралы станцияның жұмыскерлері полицейлерге 16 маусым күні хабарлады. Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады, ал 21 маусым күні ұрыны ұстады. Қазіргі кезде оның сыбайластары іздестірілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны