18.06.2014, 21:10 3032

Куала-Лумпурда Қазақстан-Малайзия сауда-экономикалық қатынастары талқыланды

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Сыртқы сауда және индустрия министрі Дато Сери Мустафа Мохаммедпен кездесті.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Сыртқы сауда және индустрия министрі Дато Сери Мустафа Мохаммедпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перпективалары талқыланды. Атап айтқанда, Куала Лумпурда өтуі тиіс Қазақстан-Малайзия Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің 3-ші отырысын және Қазақстан-малайзия Іскерлер кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыға Республикамыздың қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еліміздің "Қазақстан 2050" даму стратегиясы туралы және ү.ж. мамырда Малайзияның Премьер-министрі Н.Разактың Қазақстанға ресми сапары туралы баяндап берді.

Малайзиялық министр екі ел арасындағы сауда және инвестициялық байланыстардың даму екпініне жоғары баға берді. М.Моххамед екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі мемлекет іскер топтары арасында байланыстарын кеңейту қажеттігіне назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны