10.12.2007, 18:06 3373

Куәлерді қорғау туралы заң толық орындалмайды - ІІМ

Куәлерді қорғау туралы заң толық орындалмайды - ІІМ

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қолданыстағы «Қылмыстық процесске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» заң толық қамтамасыз етілмейді. Мұндай пікірін бүгін қылмыстық процесске қатысшыларды құқықтық қорғау проблемаларына арналған «дөңгелек үстел» барысында ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. «Қазақстанда 2001 жылдың 1-қаңтарынан бері «Қылмыстық процесске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» заң енгізілді. Бүгінде оны жүзеге асыру механизмін құру басты міндет болып табылады»,- деді Қ. Қасымов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, аталмыш заңның жекелеген нормаларын жүзеге асыру тәртібі толық өңделмеген. Бұл, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау шаралары, мүліктік шығынды өтеу немесе жеке басын куәландыратын өзгертілген құжаттар беру болып табылады. «Осы заңның 30-шы бабының талаптарына сәйкес қорғаудағы тұлға қылмыстық процесске қатысуына байланысты олардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне зардап келген жағдайда мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз етілуге тиіс. Бірақ осы уақытқа дейін заңның аталмыш нормасын жүзеге асыру механизмі әзірленбеген, әлеуметтік кепілдіктерді төлеу тәртібін, шартын және мерзімін қарастыратын нормативтік актілер жоқ»,- деп атап өтті Қ. Қасымов

Сонымен қатар, оның айтуынша қылмыстың салдарынан келген мүліктік шығынды қайтару мәселесі, сонымен қатар қорғаудағы тұлғаның құжаттарын жаңасына ауыстыру мәселесі де проблемалы мәселе болып табылады. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2004 жылы құқық қорғау органдары қылмыстық процесске қатысушылардың қауіпсіздік шараларын 275 жағдайда, ал 2005 жылы - 362 жағдайда, 2006 жылы - 370 жағдайда қолданған. Үстіміздегі жылдың 10 айында 379 жағдайда қылмыстық процесске қатысушыларға «мемлекеттік қорғау шаралары қолданылып, жеке басын қорғау, жеке және басқа да мүлікті қорғау, қауіп төнетін адамдардан ресми түрде сақтандыру сияқты шаралар жүзеге асырылған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны