19.04.2012, 14:25 3848

Құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Бұл туралы бүгін "Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың соңына дейін аттестациядан өткен полиция қызметкерлерінің жалақысы келесі жылдан бастап көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Депутаттың айтуынша, 8 сәуірдегі Елбасы Жарлығына сәйкес, полиция қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясын ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу көзделеді. Ал Мәжіліс мақұлдаған заң жобасында осы жағдайдың бәрі қамтылған. "Жалпы аттестацияның мақсаты жыл соңына дейін полиция қызметкерлерінің қатарын "тазалау" болып табылады. Жағымсыз мінез-құлыққа ие, жаман атағы шыққан қызметкерлер аттестация арқылы шеттетіледі. Ал сондай "тазарту" жұмыстарынан соң, келесі жылдан бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық қызметақысы көтеріледі", - дейді Р. Мұқашев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы ғана көтеріліп қоймай, олардың әлеуметтік пакет мөлшері де арта түседі.

"Яғни аттестациялаудан кейін кәсіби және басқа да критерийлерге сәйкес қызметке лайық деп танылғандарға әлеуметтік қолдаулар да қарастырылады", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны