07.02.2017, 19:03 4409

Құқық қорғау органдары академиясыныӊ басты міндеті - адамгершілік қасиеттері жоғары үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару

Бүгін Бас прокуратураныӊ жанындағы Құқық қорғау органдары академиясыныӊ кеӊейтілген жедел кеӊесі өтті. Отырыста 2016 жылдыӊ қорытындысы жасалды

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Бас прокуратураныӊ жанындағы Құқық қорғау органдары академиясыныӊ кеӊейтілген жедел кеӊесі өтті. Отырыста 2016 жылдыӊ қорытындысы жасалды,- деп хабарлайды Бас прокуратураныӊ жанындағы Құқық қорғау органдары академиясыныӊ баспасөз қызметі.

Талқылау барысында ғылыми-білім беру қызметініӊ нәтижелеріне талдау жасалды, бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді, алдағы уақытқа арналған басым міндеттер белгіленді.

Академия ректоры Ұлан Байжанов атап өткендей, былтырғы жыл Академияныӊ қалыптасу жылы болды. Академияныӊ тиімді әрі нәтижелі жұмысқа бағытталған алға қойған міндеттерін тиімді шешу жолыныӊ негізі қаланды. Институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында құрылымдық өзгерістер өткізілді, жұмыс тәжірибесіне жобалық менеджмент қағидалары, жаӊа әдіс-тәсілдер мен алдыӊғы қатарлы оқыту инновациялары енгізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту жүйесі ретке келтірілді.

Ұлт жоспарындағы стратегиялық мақсаттардыӊ логикалық жалғасы Мемлекет басшысыныӊ кезекті Жолдауы болды. Президент маӊызды басымдақтырдыӊ бірі ретінде адами капиталдыӊ сапасын жақсартуды белгіледі. Оны іске асырудыӊ басты шарты ретінде білім беру жүйесін сапалы өзгертуді атап өтті.

Басты назарды білім беру мәселесіне аудару Академияныӊ алдына түбегейлі жаӊа міндеттерді қойып отыр. Оқыту бағдарламаларыныӊ басты бағдары оқу процесіне IT-білімді белсенді енгізу, сыни ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетімен іздестіру, жаӊашылдықтарды қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл жұмыстыӊ ажырамас бөлігі құқық қорғау органдары қызметкерініӊ этикалық бейнесін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттері жоғары үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару. Бізде бұған қажетті әлеует пен ресурстар бар, - деп атап өтті Ұ.Байжанов.

Отырыстыӊ қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелерге қойылған міндеттерді тиісінше орындау, ғылыми-білім беру қызметініӊ тиімділігін одан әрі арттыру бойынша шұғыл ұйымдастырушылық-практикалық шараларды қабылдау тапсырылды.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын, сондай-ақ Бас Прокурор қойған міндеттерді сәтті орындау, еӊ басты мәселеге - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, заӊдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды көздейтін реформаларды іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны