22.04.2009, 14:53 2919

Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің жанынан парақорлық фактілерін дер кезінде анықтау және тергеуді сапалы ұйымдастыру жөнінде штаб құрылады

Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің жанынан парақорлық фактілерін дер кезінде анықтау және тергеуді сапалы ұйымдастыру жөнінде штаб құрылады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің жанынан парақорлық фактілерін дер кезінде анықтау және тергеуді сапалы ұйымдастыру жөнінде штаб құрылады. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен өткен Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжілісте Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі, ішкі істер, әділет, қаржы және төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің басшылары қатысты.

Қайрат Мәми атап айтқандай, ел президентінің тапсырмасына сәйкес, құқық қорғау қызметінің, әсіресе азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерін үйлестіру күшейтілетін болады.

Бас прокурордың пікірінше, Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі қылмыспен күресуді үйлестірудің неғұрлым тиімді құралына айналып, кеңес мүшелерінің жауапкершілігін айтарлықтай жоғарлатуға тиіс.

Кеңестің ұйымдастырушылық және қызметтік өкілеттігін заңды түрде бекіту туралы шешім қабылданды. Бас прокуратура жанында тұрақты жұмыс істейтін Үйлестіру кеңесінің хатшылығын құрып, оның құрамына құқық қорғау органдарынан жіберілген бір-бір өкіл кіргізу мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар, қатар кеңестің жұмыс жоспарына өзгертулер енгізілді.

Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің барысында құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде де мәселе талқыланды. Мәжіліске қатысушылар ұлттық қаупісіздік және қаржы полициясы органдарының баяндамаларын тындап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді тергеу кезінде пайда болатын проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.

Талқылау нәтижесіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің реттілігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларын қабылдау туралы шешім жасалынды. Атап айтқанда, кеңеске қатысушылар ең алдымен жүргізіліп жатқан жұмысты жақсарту үшін пайда болып жатқан проблемаларды жедел шешу мақсатында өзара қарым-қатынастық жүйелі механизмді оңалту қажеттігі туралы ортақ пікірге тоқталды.

Үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша Республикамыздың Бас прокурорының төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым салмақты, ең алдымен парақорлық фактілерін дер кезінде анықтау және сапалы тергеуді ұйымдастыру жөнінде штаб құру жөнінде шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны