26.04.2012, 09:49 3411

Құқық қорғау органдарын аттестаттауға қатысты тікелей Қаржы полициясына хабарласуға болады

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің www.finpol.kz сайтында "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" атты бөлім ашылды.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Құқық қорғау органдарын аттестаттауға қатысты тікелей Қаржы полициясына хабарласуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің www.finpol.kz сайтында "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" атты бөлім ашылды.

Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілер және басқа да құжаттар жинақталған. Сайт арқылы кез келген адам аттестаттауға жататын қызметкерлер туралы толық ақпарат беріп, кезектен тыс аттестаттаудың өту барысы мен нәтижелеріне қатысты материалдармен таныса алады. Бұл шаралар осы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етпек.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" бөлімі арқылы жеке өтініш те беруге болады. Осы айдарға келіп түскен барлық өтініштер Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, сондай-ақ Президент Икімшілігіне жолданатын болады. Өтініш білдірушілердің аты мен тегі жарияланбайды. Ирбір өтініш тексеріледі және аттестаттау комиссияларының жұмысы барысында ескерілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны