21.04.2009, 18:47 3010

Құқық қорғау органдарының бизнесмендердің жұмысына араласуының негізі мен көлемі айтарлықтай шектелді - Бас прокуратура

Құқық қорғау органдарының бизнесмендердің жұмысына араласуының негізі мен көлемі айтарлықтай шектелді - Бас прокуратура

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Құқық қорғау органдарының бизнесмендердің жұмысына араласуының негізі мен көлемі айтарлықтай шектелді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура әлемдік қаржы дағдарысының салдарын барынша бәсеңдету үшін Ұлттық қордан бөлінген қаржыны заңды да мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде",- деді ресми өкіл.

С.Нұрпейісовтың айтуынша, соңғы уақытта Бас прокуратураға жекелеген кәсіпкерлердің үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасы аясындағы қаржылық көмектен құқық қорғау органдарының тексерістерінен қауіптеніп бас тартуы туралы ақпараттар келіп түсуде.

"Бүгін Бас прокуратурада Ұлттық қор қаржысын пайдалауға бақылау жасау жөніндегі жұмысшы тобының қызметі аясында құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің арнайы отырысы өтті. Онда негізінен құқық қорғау органдарының кәсіпкерлердің қызметіне тексеру жүргізуі мен олардың жұмысына араласуын барынша азайту мәселелері қаралды",- деді ресми өкіл.

Оған үкіметтің Ұлттық қор қаржыларын игеру жөніндегі операторлары мен екінші деңгейдегі банк өкілдері қатысты.

Отырыс барысында құқық қорғау органдарының кәсіпкерлік субъектілерінің шарушылық қызметінің еркіндігін шектейтін тексеріс әрекеттерін болдырмауға бағытталған шешімдер қабылданды.

Құқық қорғау органдарының бизнесмендердің жұмысына араласуының негізі мен көлемі айтарлықтай шектеліп, ал ақпараттық ағымдар кәсіпкерлерді алаңдатпайтындай етіп жасалынбақ.

Сөйтіп, ҚР Бас прокуратурасы бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауын болдырмау жолында тиісті шаралар қабылдап отыр.

Сондай-ақ Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыны заңды және мақсатты пайдалану мәселелері прокуратура және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында қала береді.

"Осыған байланысты Бас прокуратура барлық аумақтық прокуратураларға кәсіпкерлер қызметіне негізсіз араласуды болдырмау жөнінде қатаң тапсырды. Бизнес бастамашылықты жүзеге асыруға заңсыз араласып, олардың кедергі келтірудің кез-келген фактісінің жолы ымырасыз кесіліп отырылатын болады",- деді ол.

Ұлттық қор қаржыларын пайдалау жөніндегі әр прокурорлық тексеру тек Бас прокуратураның келісімі бойынша ғана белгіленеді, деді С.Нұрпейісов.

"Бұл арада бизнесмендер алған ақшаларын орнымен пайдаланған жағдайда құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз тексеруге түспейтіндіктеріне сене берулеріне болатынын айта кеткен жөн",- деді Бас прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны