23.04.2012, 11:42 3820

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" арнайы айдары ашылды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің www.akorda.kz ресми сайтында "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" атты арнайы бөлім ашылды.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" арнайы айдары ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің www.akorda.kz ресми сайтында "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау" атты арнайы бөлім ашылды.

Аталған бөлім кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібін бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының аттестатталатын лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасау, олардың қызметтік этика нормаларын сақтамау фактілері туралы Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.

Ирбір өтініш тиісті тексеруден өткізілгеннен кейін аттестаттау барысында ескерілетін болады.

Бөлімде сондай-ақ аттестаттауды өткізу ережелерін регламенттейтін барлық нормативтік-құқықтық құжаттар, оның ішінде Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамы және Жоғары аттестаттау комиссиясы аттестаттайтын құқық қорғау органдары басқарушы қызметкерлерінің жеке тізімі орналастырылған.

Қызметкерлері Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттестаттаудан өтетін құқық қорғау органдарының - Бас прокуратураның, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің ресми сайттарында да осы мазмұндас айдарлар ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны