20.04.2017, 15:47 5383

Құмар Ақсақалов " Нұр Отан" партиясыныӊ Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалыныӊ төрағасы болып сайланды

Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысындағы "Нұр Отан" партиясы филиалыныӊ 26 кезектен тыс конференциясы өтiп, өӊiрлiк партиялық ұйымныӊ жаӊа басшысы сайланды.

Петропавловск. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысындағы "Нұр Отан" партиясы филиалыныӊ 26 кезектен тыс конференциясы өтiп, өӊiрлiк партиялық ұйымныӊ жаӊа басшысы сайланды. Ол облыс әкiмi Құмар Ақсақалов. Жаӊа басшысыны өӊiрдiӊ партиялық активiне "Нұр Отан" партиясыныӊ хатшысы Фархад Қуанғанов таныстырды.

Конференция мүшелерi ұсынылған кандидатураны бiрауыздан қолдады. Өз кезегiнде филиалдыӊ жаӊа төрағасы Құмар Ақсақалов партиялық активтiӊ алдында бiрқатар мiндеттердi жүктедi.

"Мен партия алдында тұрған мiндеттердi бiлемiн, партияда 5 жыл қызмет еттiм, тәжiрибем бар. Бiздiӊ бiрлесiп жасайтын бiрқатар мiндеттер мен жұмыстар бар. Бiз қоғамдық бақылауды күшейтуiмiз қажет", - дедi Құмар Ақсақалов.

Еӊ алдымен, бұл партия мүшелерiнiӊ артуы, партия қатарына бизнес және шаруа қожалықтары басшыларын тарту, сондай-ақ партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен белгiленген мiндеттердi дәл және уақтылы жүзеге асыру.

Бұдан басқа, конференция қатысушылары Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ партиялық ұйымыныӊ 2017 жылдыӊ 1 тоқсанындағы жұмысыныӊ қорытындыларын талқылады. Партия төрағасыныӊ бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов өз баяндамасында, бүгiнде филиал мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуын бақылайтынын, Президенттiӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласын түсiндiру мен талқылауға белсендi қатысатынын атап өттi. Қоғамдық қабылдау бөлмесi мен партиялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына ерекше көӊiл бөлiнедi.

"Жыл басынан берi филиалдардыӊ қоғамдық қабылдау бөлмелерiне азаматтардан 856 өтiнiш келiп түстi. Еӊ өзектiлерi - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтiк қамтамасыз ету мен жұмыспен қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеӊесiмен 8 ұсыным мен шешiм шығарылды. Жылдыӊ бiрiншi тоқсанында партиялық жобалардыӊ аясында 289 iс-шара өткiзiлдi, iс-шараларға 5738 адам қатысты. Бұл жұмыс еӊ алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен тыл еӊбеккерлерi, жалғызбасты қарт адамдар, мүмкiндiгi шектеулi адамдар, жастар, жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардыӊ мәселелерiн шешу үшiн бағытталған", -дедi Артур Молдағұлов.

"Халық сенiмiн күнделiктi ақтау қажет. Партия - бұл қоғамдық пiкiрдi қалыптастыратын қуатты күш. Бiз жағдайды бақылауды ұстауымыз қажет. Мен сiздердi бұл жұмысқа белсендi қатысуға шақырамын. Бiз халық алдында жасалған жұмыстар бойынша үнемi есеп беруiмiз қажет", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Конференция соӊында конференция қатысушылары партия филиалыныӊ өӊiрлiк саяси кеӊесi мен саяси кеӊес бюросыныӊ жаӊа құрамын сайлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны