07.10.2009, 13:41 1786

Құрылыс компанияларының үлескерлерге келтірген залал сомасы 14 млрд 400 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Құрылыс компанияларының үлескерлерге келтірген залал сомасы 14 млрд 400 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Құрылыс компанияларының үлескерлерге келтірген залал сомасы 14 млрд 400 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жылдың басынан қаржы полициясы органдары 3379 үлескерге залал келтірген 13 құрылыс компаниясының 15 басшысына қатысты 22 қылмыстық іс қозғады. Келтірілген залал сомасы 14 млрд 400 млн теңгені құрады, оның 1 млрд 900 млн теңгесі өтелді, 68 жылжымайтын мүлік нысанына, 87 жер учаскесіне және 26 автокөлікке тыйым салынды",- деді М.Жұманбай.

Ресми өкілдің хабарлауынша, құрылыс компанияларының 8 басшысына қатысты 6 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 11 құрылыс компаниясының 16 басшысы сотталды.

6 құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

"Бүгінгі күні қаржы полициясы органдары үлескерлік құрылыс саласындағы 16 қылмыстық істі тергеуде",- деді М.Жұманбай.

Үлескерлердің ақшалай қаражатын ұрлағаны үшін шетел азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері де болған.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, үлескерлік құрылыс проблемалары негізінен Астана және Алматы қалаларында аса өзектілікке ие болды, алайда кейбір аймақтарда да үлескерлік құрылыс саласындағы қылмыстық істер қозғалған.

"Қаржы полициясы органдарының қызметінде жәбірленуші үлескерлердің проблемаларын оңтайлы шешу мысалдары да жетерлік. Қаскүнемдердің жалған құрылыстық қызметі нәтижесінде азаматтарға орасан зор залал келтірілген.

Үлекерлерге мансардалық құрылыстан да айтарлықтай залал келтірілуде.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, үлескерлердің ақшалай қаражатын ұрлау көп жағдайда үлекерлік құрылыс саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен қатар жүреді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны