25.01.2011, 14:30 4140

Құрылыс компаниясының директоры 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Құрылыс компаниясының директоры 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - Құрылыс компаниясының директоры 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігіне сілтеме жасай отырып.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Жаңа Жол Құрылыс" ЖШС құрылыс компаниясының директоры Н.Омаргазин 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қаржы полициясының дерегінше, Н.Омаргазин 2008 жылдың 21 сәуірі мен 19 мамыры аралығында алаяқтық жолмен пәтер түрінде кепілдегі мүлікті босату туралы банктің жалған хатын құзырлы тіркеу органдарына береді, ал бұл пәтерлердің бұрын құрылысқа үлескер болып қатысқан өз иелері болған.

"Н.Омаргазиннің және өзге де қатысушы тұлғалардың қылмыстық әрекетінің салдарынан азаматтарға 2,3 млрд теңге көлемінде шығын келді", - делінген баспасөз парағында.

"Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Н.Омаргазин ҚР ҚК 176 бабы, 3 бөлімі, "б,г" тармағы (біреудің қарамағындағы мүлікті иемдену және ысырап ету), ҚР ҚК 177 бабы, 3 бөлімі, "б," тармағы (алаяқтық), ҚР ҚК 194 бабы, 1 бөлімі (кредитті заңсыз алып, мақсатсыз пайдалану), ҚР ҚК 222 бабы, 2 бөлімі (ұйымнан салық төлеуден жалтару) бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны