06.05.2009, 16:06 2865

Құрылыс саласында ағымдағы жылдың 3 айында мемлекетке 4 млн 400 мың теңге залал келтірілді

"Құрылыс саласында қаржы полициясы органдарымен бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша 33 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша мемлекетке 4 млн. 400 мың теңге залал келтірілді (185 млн. 700 мың теңге өндірілді)",- деді ол.

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Құрылыс саласында ағымдағы жылдың 3 айында мемлекетке 4 млн 400 мың теңге залал келтірілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Құрылыс саласында қаржы полициясы органдарымен бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша 33 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша мемлекетке 4 млн. 400 мың теңге залал келтірілді (185 млн. 700 мың теңге өндірілді)",- деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, бұндай қылмыстар негізінен атқарылған жұмыстар көлемін жасанды арттыру және жалған құжаттар арқылы жасалады.

Мысалы, Алматы облысының Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қамауға алынды. Ол 2004 жылы Талдықорған қаласындағы әуежайды жөндеу жұмыстарын қабылдаудың жалған актісі арқылы сеніп тапсырылған 26 млн. 900 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ЖШС есеп-шотына аударып жіберген.

Атырау облысында ЖШС директоры қамауға алынды. Ол Исатай ауданының елді мекендерін газбен қамту бойынша жұмыстардың жалған актілері арқылы 162 млн.теңге ақшалай қаражатты ұрлаған. Іс бойынша тергеу жүргізілуде.

М.Жұманбайдың хабарлауынша, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдарымен мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты талан-таражға салу санатында 340 қылмыстық іс қозғалды, өткен жылдың осы кезеңінде 335 қылмыстық іс қозғалған. Сотқа 165 қылмыстық іс жіберілді, былтырғы жыл көрсеткішінен 36 іске артқан (129). Келтірілген залал 21 млн. 800 мың теңгені құрады, оның 16 млн. 700 мың теңгесі өтелді. (2008 жылдың 3 айынды келтірілген залал 643 млн.100 мың теңгені құрады, оның 550 млн. 200 мың теңгесі өндірілді).

"Мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің 147-сін немесе 43%-ын бюджет қаражатын талан-таражға салу құрайды (2008 жылы 105 қылмыстық іс қозғалған). Оның 22-і сотқа жіберілді",- деді ол.

Бюджет қаражатын ұрлаудың ең көп фактісі білім беру жүйесінде анықталды. Бұл салада 69 қылмыстық іс қозғалды, оның 12-і сотқа жіберілді, олар бойынша залал мөлшері 421 млн. 200 мың теңгені құрады (5 млн.теңге өндірілді).

Бұл санаттағы қылмыстарды ашу тәжірибесі олардың көпшілігінің мектепке дейінгі және орта білім мекемелерінің басшыларымен алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалатындығын көрсетті.

Батыс-Қазақстан облысында Бөкей ордасы ауданының Білім беру бөлімінің лауазымды тұлғаларына және ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Олар қабылдау актілерінде жұмыс көлемдерін жалған арттыру арқылы 13 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.

Шығыс-Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы мектеп-интернатының бас бухгалтері сотқа тапсырылды. Ол 2006-2008 жылдары жалақыдан ұсталмай тіркеусіз аванс ретінде алынған 2 млн 400 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны