22.09.2010, 16:17 4183

Күш құрылымдарының қызметкерлерін 10-15 пайызға қысқарту жоспарлануда

ҚР құқық қорғау органдарын қайта құрылымдау туралы жарлығына байланысты күш құрылымдарының қызметкерлерін 10-15 пайызға қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы кеше online-конференция барысында ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР құқық қорғау органдарын қайта құрылымдау туралы жарлығына байланысты күш құрылымдарының қызметкерлерін 10-15 пайызға қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы кеше online-конференция барысында ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Күш құрылымдарының қызметкерлерін қысқарту басқа да мемлекеттік органдардағыдай 10-15 пайыз көлемінде жоспарлануда. Қысқарту қосалқы қызметтерге қатысты болмақ. Негізгі қызмет - бұл қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғайтын тергеу мен күш бөлімшелерінің қызметкерлері қысқартуға ұшырамайды",- деді А. Кулинич.

Ол сондай-ақ "бүгінде елімізде жеке детективтік қызмет туралы мәселе көтеріліп отырғандығын" еске сала кетт. Оның айтуынша, жеке детективтік агенттік құру осы құрылымдағы қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны