05.05.2010, 14:57 3402

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студентінің өлімі дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды - ҚР ІІМ

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студентінің өлімі дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды - ҚР ІІМ

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студентінің өлімі дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Алина Танаеваның өліміне қатысты жүргізілген тексеру жұмыстары мерт болған қыздың денесінде ешқандай да зорлық-зомбылық әрекеттерінің ізі жоқ екендігін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бүгін аталмыш фактіге байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша біз көпшілікті қосымша хабардар ететін боламыз", деді Қуанышбек Жұманов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Время" газетінде жарияланған "В моей смерти виновны..." атты мақалада жарияланғандай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Алина Танаева сәуірдің 22-і күні өзі оқитын оқу орнының маңында өсіп тұрған ағашқа асылып қалған жерінен табылды. Ұқыпты әрі сәнді киінген қыздың жанынан қолхат табылған. Онда студент қыз "Менің өліміме бірге оқитын курстастарым мен мені түсінбей бар кінәні өзіме жапқан ұстаздарым кінәлі" деп жазған және өзі кінәлап отырған курастастары мен ұстаздарының аты-жөндерін көрсеткен.

Газет мәліметтеріне қарағанда, 19 жастағы Алина Танаева Жамбыл облысының Байзақ ауданынан келген. Ұлттық біртұтас тест қорыитындысы бойынша 111 балл жинаған ол жоғары оқу орнына грант арқылы түскен. Сондай-ақ 20-сәуір күні үйіне телефон шалып, өзін 10 қыздың жабылып ұрып-соғып, сөмкесі мен ақша алатын карточкасын тартып алғандығын айтқан. Болған жайдан хабардар болған қыздың ағасы - Тараздағы бір ЖОО-ның кафедра меңгерушісі Қонысжан Танаев Астанаға келген.

"Бәрі де менің қарындасыма қарсы сөз байласып алғандай сезім туды. Студент қыздар Алинаны ұрып-соққандарын жоққа шығарса, оқытушылар ұжымы бұл жайтты жылы жауып қоя салуға кеңес берді. Куратор оның сабақты жиі үзетінін алға тартса, кафедра меңгерушісі мен факультет деканы оқиғаны сыртқа жайып, сыр шашпауға кеңес берді. "Өзіңіз оқытушысыз, біздің қызметіміздің қыр-сырын сіз жақсы білесіз", деді олар. Ал университеттегі кездесуге Алинаның өзі полицияға берген шағым бойынша келген учаске инспекторы тіпті ашықтан-ашық егер шу көтерсеңдер, қарындасыңның май өкшесіне жаман тиеді дегенді тура айтты. Бірақ мен бәрібір қылмыстық іс қозғатуға қол жеткіземіз деп жауап бердім. Ал болған оқиғаға ересектердің мұндай көзқарас танытуына Алинаның тіптен тауы шағылып қалғандай көрінді. Ертеңінде ол ағашқа асылып тұрған жерінен табылды",- деген Қонысжан Танаев "Время" газетіне берген жауабында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны