26.10.2017, 17:00 8610

Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін әзірлеу туралы комиссия жұмысын аяқтады

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиініӊ ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соӊғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", - деді Қазақстан Президенті.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Икімшілігініӊ Басшысы Иділбек Жақсыбеков пен Президент Икімшілігі Басшысыныӊ бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиініӊ соӊғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиініӊ ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соӊғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезеӊ-кезеӊмен және жүйелі түрде көшірудіӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобыныӊ атқарған қызметі туралы баяндалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны