03.10.2008, 14:24 1699

Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс

Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде де және сіздің ел ДСҰ-ына мүшелікке өткенде де қолдайтын боламыз", -деді В. Затлерс.

"Дүниежүзінде экономикалық рецессия белгілері байқалып отырған қазіргі кезде жақсы қарым-қатынастағы серіктестермен арадағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру қажет", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны