Система Orphus

Латвия Президенті: ЭКСПО-2017 тақырыбы барша адамзат үшін өзекті

16.04.2015, 10:21 2185

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы 15 сәуірде ЭКСПО-2017 Комиссары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар барысында Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен, Көлік министрі - қазақстан-латвиялық үкіметаралық комиссияныӊ теӊ төрағасы Анрис Матисс, Қоршаған ортаны қорғау министрі Каспар Герхардс, Экономика министрлігініӊ Парламенттік хатшысы Эдгар Путра мен СІМ Мемлекеттік хатшысы Андрей Пилдеговичпен кездесулер өтті. Латвия тарапыныӊ шақыруымен Р.Жошыбаев Риганыӊ 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтаЕуропа Одағы кеӊесіне төрағалық етуіне орай ұйымдастырылған "GreenBridgeForum2015" атты халықаралық конференция жұмысына қатысты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Латвия Президенті А.Берзиньшпен кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастыӊ қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтіп, халықаралық серіктестіктіӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Р.Жошыбаев Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырудыӊ түпнұсқасын табыстады. Өз кезегінде, А. Берзиньш елдіӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға асқан қызығушылығын білдіріп, көрме тақырыбыныӊ барша адамзат үшін өзектілігін атап өтті және Латвияныӊ баламалы қуат көздері саласындағы жаӊа ізденістерімен таныстыруға дайын екендігін жеткізді.

Латвияныӊ көлік министрімен кездесу барысында көліктік-транзиттік өзара қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ соӊғы Қазақстан-латвиялық үкіметаралық комиссия отырысы аясында қол жеткізілген келісімдердіӊ орындалуы талқыланды.

Сауда-экономикалық серіктестік, туризмді дамыту, виза тәртібі мен екі елдіӊ астаналары арасында тікелей әуе қатынасы мәселелері Латвияныӊ экономика министрлігінде талқыланды. Парламенттік хатшы Э.Путра Латвияныӊ қалпына келтірілетін энергетика саласындағы айтарлықтай әлеуетін атап өтті, соныӊ арқасында қазіргі таӊда елдіӊ шамамен 36% қуаты өндіріледі. Кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесі таныстырылып, оған қатысу шарттары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және латвиялық туристік агенттер мен операторлар қауымдастығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды (ALTA).

"Green Bridge Forum 2015" халықаралық конференциясы барысында Р.Жошыбаев еліміздегі "жасыл энергетиканы" дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен Қазақстанныӊ қалпына келтірілетін және баламалы энергетика саласындағы бастамалары жөнінде айтып өтті. Еуропалық сарапшылар Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев ұсынысымен жүзеге асырылып жатқан ХХІ ғасырдағы тұрақты жаһандық энергоэкологиялық даму стратегиясы мен "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасы туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады. Қазіргі кезде Еуропа мен Азияныӊ 13 елі "Жасыл көпір" бағдарламасыныӊ қатысушысы болып табылады. Форум қорытындысы бойынша, бағдарламаға Финляндия су форумы қосылды.

Сонымен қатар, форум аясында Латвияда оқитын қазақстандық студенттер ЭКСПО-2017 көрмесін қолдауға арналған флэшмоб ұйымдастырды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны