21.09.2009, 15:47 2729

Лисаковск қаласындағы "Алый парус" балалар лагерінің тәрбиешісі мен ауысым басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Лисаковск қаласындағы "Алый парус" балалар лагерінің тәрбиешісі мен ауысым басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Лисаковск қаласындағы "Алый парус" спорттық-сауықтыру бағытындағы балалар лагерінің тәрбиешісі мен ауысым басшысының үстінен, бір бала суға кетуге байланысты, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Лисаковск қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 28 шілдеде "Алый парус" балалар лагерінде оқыс оқиға болды. Төрт бала Тобыл өзенінде моторлы қайықпен жүзіп жүріп, суға құлаған. Балалармен бірге қайықта 41 жастағы Юрий есімді қайықтың иесі болған, алайда ол өз талпыныстарымен балаларды судан шығара алмаған. Жағалаудан келген көмектің арқасында үш бала құрғаққа шығарылып, 10 жасар қыз суға батып кетті.

Лисаковск қалалық прокуратурасының анықтағанындай, балалардың суда жүзуі барысында тіпті ең қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Соның салдарынан балалар лагерінің тәрбиешісі мен ауысым басшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 138-ші бабының 2-тармағы бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қаіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін лайықты орындамау) қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратураның ақпаратына сәйкес, Лисаковск ҚІІБ бұл іс бойынша тексеру жүргізуде. Сондай-ақ, моторлы қайықтың иесіне қатысты тергеу алдындағы тексерулер жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны