18.04.2014, 19:38 8217

Ливанда Қазақстан мен Ливанның қарым-қатынасы туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігі "Қазақстан-Ливан қатынастары: 20 жылдық табысты серіктестік" кітабының тұсауын кесті.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігі "Қазақстан-Ливан қатынастары: 20 жылдық табысты серіктестік" кітабының тұсауын кесті.

Қазақ, араб және ағылшын тілдерінде шыққан басылымда екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату тарихы туралы баяндалған, саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар туралы ақпарат ұсынылған, деп ҚР СІМ-де хабарлады. Екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары Қазақстан-Ливан ынтымақтастығының болашағы туралы өз пікірлерімен бөліскен, сондай-ақ кітапта қос елдің қатынастары дамуының хронологиялық фотоматериалдары жарияланған.

Кітаптың тұсаукесері Қазақстанның Ливанда тұратын көптеген достардың бастарын қосты. Атап айтқанда, іс-шараға Үкімет өкілдері, парламентарийлер, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, шетел дипломаттары, бизнесмендер, журналистер, сондай-ақ Қазақстан-Ливан достық қоғамының мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшісі Болат Сәрсенбаев өзінің сәлемдеме сөзінде бірінші кезекте Ливанның саяси қайраткерлеріне ұсынылған кітапқа енген екі елдің ынтымақтастығы туралы жазған жылы пікірлері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша өзара түсіністік пен келісімнің жоғары деңгейіне мән бере отыра, Қазақстан мен Ливанның әртүрлі салалардағы қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны