03.02.2016, 21:14 4324

Лондон соты Қазақстан Үкіметініӊ пайдасына шешім шығарды

2016 жылғы 2 ақпанында Лондон қаласы Жоғарғы Сотыныӊ Коммерциялық соты "Эрдэнэт" моӊғолдық компаниясыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне қарсы талап-арызын қабылдамай, Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ пайдасына шешім шығарды

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 2 ақпанында Лондон қаласы Жоғарғы Сотыныӊ Коммерциялық соты "Эрдэнэт" моӊғолдық компаниясыныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне қарсы талап-арызын қабылдамай, Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Эрдэнэт" 1995 және 1996 жылдары жасалған келісімшартттар бойынша "Балқашмыс" ААҚ-нан "Эрдэнэтке" тиесілі қарызға қатысты талап-арыз берді. "Балқашмыс" ААҚ 1999 жылы таратылған жеке заӊды тұлға болғанына қарамастан, "Эрдэнэт" Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі "Балқашмыстыӊ" қарыздары бойынша жауапты екенін айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

2014 жылғы желтоқсанда "Эрдэнэт" Қазақстан мен Моӊғолия арасындағы келіссөздерде Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ Ағылшындық сот юрисдикциясына келісім бергеніне сілтеме жасай отырып, Ағылшындық коммерциялық сотта Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне қарсы талап-арызға бастама жасады.

2016 жылғы 2 ақпанда Ағылшын Коммерциялық соты юрисдикцияныӊ жоқтығы туралы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі пайдасына шешім қабылдады.

Соттыӊ пікірі бойынша, Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі юрисдикция бойынша ешқандай уағдаластық жасалмағаны бойынша "дәлелдірек айғақтар" ұсынды.

Сот Эрдэнэтты 200 000 фунт стерлингті ҚР Үкіметініӊ пайдасына төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, Эрдэнэттыӊ шағымдануға арызын қабылдамады. Сот шешімін Ағылшын Апелляциялық сотымен өзгертуді мүмкін емес деп санады.

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметініӊ мүддесін Қазақстан Республикасыныӊ Иділет Министрлігімен Reed Smith компаниясымен бірге өкілдік етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны