17.06.2014, 20:17 2877

Лондондағы роуд-шоуда Қазақстанның туристік жобалары таныстырылды

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Мемлекеттік және жеке меншік , машина жасау мен туризм саласындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті" роуд-шоуын өткізді.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Мемлекеттік және жеке меншік , машина жасау мен туризм саласындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті" роуд-шоуын өткізді.

Роуд-шоу барысында 2020 жылға дейінгі Қазақстанның туристік саласының дамуы таныстырылды. Инвесторларға 5 аймақтағы ірі инвестициялық жобаларды таныстырды. Олар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан.

Дәстүрлі роуд-шоуды ағымдағы жылы жүзге жуық инвестор тамашалады, ол өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Кездесу қорытындысы бойынша британдық сауда және инвестиция агенттігі мен бірқатар бизнес-компаниялармен меморандум орнатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны