02.06.2016, 11:06 4638

Лорд М. Шейх: Ұлыбритания Қазақстанныӊ жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөліне таӊқалуда

2016 жылғы 2 маусымда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания парламентініӊ Лордтар палатасыныӊ мүшесі лорд Мұхаммед Шейхпен кездесті

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 2 маусымда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания парламентініӊ Лордтар палатасыныӊ мүшесі лорд Мұхаммед Шейхпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар қазақстан -британ арасындағы ынтымақтастықтыӊ қазіргі жағдайы мен келешегін, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2015 жылғы қараша айындағы ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша қол жеткізген екі ел арасындағы келісімдерді іске асыру барысын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібініӊ өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Сыртқы саяси ведомствосыныӊ басшысы британдық парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтыӊ құрылуын құптап, парламентаралық байланыстыӊ одан әрі күшеюіне сенім білдірді. "Бүкілпартиялық парламенттік топтыӊ ү.ж. күзге жоспарланған ресми сапары қатынастарымыздыӊ жан-жақты дамуына қосымша серпін беретініне және барлық бағыттарда сенімді, ашық диалогтыӊ одан әрі тереӊдеуі үшін негіз болатынына сенемін", - деп атап өтті Е. Ыдырысов.

"Қазақстанныӊ жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөлі және халықаралық қақтығыстарды реттеудегі оныӊ жәрдемі таӊқалдырады", - деді М. Шейх. Сонымен қатар, Қазақстанныӊ халықтар арасындағы келісім мен төзімділікті, құрмет пен достықты ілгерілету бойынша жалпы ұмтылыстарыныӊ ерекше үлесін баса айтты.

Астанаға сапар барысында британдық лорд "Діндер терроризмге қарсы" халықаралық конференцияға және "KADEX - 2016" 4-ші халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны