28.05.2019, 19:36 7699

Ұлттық бюро елордалық әуежайдың бас бухгалтерінің заңсыз қызметінің жолын кесті

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Елордалық әуежайдың бас бухгалтері Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн. теңге сомасындағы пара беруде және іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы акционерлік қоғамның 1,3 млрд. теңгедан астам сомадағы ақша қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда. Залал аудиторлық тексеру тұжырымымен расталды.Бұл туралы мекеменің брифингінде мәлім болды.

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны