03.04.2023, 11:58 32401

Мұрат Нұртілеу ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған

Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
 
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылсын.
 
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.
 
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
 
Еңбек өтілі:
 
1998-1999 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
 
1999-2003 жылдары - ҚР Малайзиядағы атташесі.
 
2003-2004 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
 
2004-2006 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
 
2007 жылы - ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
 
2007 жылы - ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
 
2007-2011 жылдары - ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
 
2011 жылы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
 
2011 жылы - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
 
2011-2014 жылдары - ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
 
2014-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
 
2016-2019 жылдары - ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
 
2019-2021 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі.
 
2021-2022 жылдары - ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
 
2022 жылғы қаңтар - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
 
2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны