07.09.2022, 16:01 16206

Мәсімовтің соттылығы әлі анықталған жоқ - ҚР Бас прокурорының орынбасары

Мәсімовтің соттылығы әлі анықталған жоқ - ҚР Бас прокурорының орынбасары
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша соттылық әлі анықталған жоқ, ал бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Мәсімов ісіне қатысы жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.
 
Оның айтуынша, ҰҚК бұрынғы басшысының қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы әлі анықталмаған.
 

Соттылық әлі анықталған жоқ. Қазір іс материалдарымен танысып жатырмыз. Бұл іске Ерлан Тұрғымбаевтың қатысы жоқ", - деді Әсет Шындалиев, Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.

 
Сондай-ақ, ол экс-министрден куәгер ретінде жауап алынғанын, процессуалдық мәртебесінің жоқ екенін атап өтті.
 
Тамыз айының соңында БАҚ Қазақстан ІІМ-нің бұрынғы басшысы мен Президенттің экс-кеңесшісі Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша жауап алынғанын хабарлады.
 
Бұған дейін ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі бойынша тергеуді аяқтағаны туралы хабарланған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Мәсімовтің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергелуде. Олардың ішінде: пара алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасау. Бұған дейін тергеу кезінде белгіленген Мәсімовтің мүлкіне тыйым салынғаны хабарланған болатын. Мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешімді сот қабылдайды. ҰҚК экс-басшысына қатысты қылмыстық іске "өте құпия" деген белгі берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін ҰҚК іс бойынша билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталғанын нақтылады. Мәсімовпен қатар ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары: "А" арнайы тағайындау қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталып, іс бойынша өтуде. 

Ақпарат көзі: halyq-uni.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны