11.03.2020, 16:06 3475

Мәжіліс атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша заң жобасын қолдады

Вена конвенциясының басты идеясы - ядролық оқыс оқиға туындаған жағдайда, қондырғы операторы келтірілген залалды өтеуге міндетті болып табылатындығында. Бұл ретте, оператордың ядролық залалды өтеу сомасының ең төменгі мөлшерін мемлекет айқындайды.

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша заң жобасын қолдады.

2020 жылғы 11 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын, сондай-ақ оған ілеспе "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Заңдарына енгізілетін түзетулерді қолдады,-деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Заң жобасында Қазақстан Республикасында ядролық қондырғылардың жұмыс істеуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар, оның ішінде ядролық қондырғы операторларының ядролық залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қарастырылған.

1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңымен ратификацияланды.

Вена конвенциясының басты идеясы - ядролық оқыс оқиға туындаған жағдайда, қондырғы операторы келтірілген залалды өтеуге міндетті болып табылатындығында. Бұл ретте, оператордың ядролық залалды өтеу сомасының ең төменгі мөлшерін мемлекет айқындайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда заңнамалық деңгейде 1997 жылғы Вена конвенциясының ережелерін қолдану шарттары регламенттелмеген, атап айтқанда мемлекет тарапынан оператордың жауапкершілігінің шектері айқындалмаған және қаржылық қамтамасыз ету мен сақтандыру мәселелері реттелмеген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ерекше ядролық тәуекелдер үшін жеткіліксіз және оларға бейімделмеген, ядролық оқыс оқиға салдарынан шығындарды өтеу тетігі жоқ, тек қана азаматтық-құқықтық жауаптылыққа негізделгендігін атап өту маңызды.

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер ядролық қондырғы операторларының үшінші тарап алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығын күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, Заң жобасы ядролық оқыс оқиға нәтижесінде туындаған залалдан зардап шеккен адамдарға ақшалай өтемақының берілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар ядролық залал келтіргені үшін ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру тетіктерін белгілеу нормаларын реттейді.

Депутаттар заң жобасын қабылдап, бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қызметінің белгілі бір түрлерінің нәтижесінде туындауы мүмкін залалдан азаматтарды қорғауды күшейтуге ықпал ететіндігіне сенімдерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны