06.12.2024, 17:02 89096

Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады

Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палата отырысында Бюджет кодексінің жобасын қарап, екінші оқылымда қабылдады.

Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық бағыт, әлемдік саяси сын-тегеуріндер мен геосаяси конъюнктураның белгісіздігі мемлекетіміздің қаржылық орнықтылығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін елдің бюджет саясатындағы өзгерістерді талап етті.

Жаңа Бюджет кодексінде мемлекет қаржысын басқарудың негізгі құралдарын белгілеуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін олардың нәтижелілігін арттыруға арналған тәсілдер көрініс тапты.

Бюджет кодексінің жобасында мыналар көзделген:

- мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған есепке алу. Бюджет кодексін реттеу мәні кеңейтіліп,бюджеттің өзінен басқа мемлекеттің бюджеттен тыс активтері мен міндеттемелерінің барлық түрлерін қамтиды;

- артық кезеңдер мен бюрократияланған рәсімдерді алып тастау есебінен мерзімдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік процесті оңтайландыру;

- оңтайландырылған бюджеттік процесті ескере отырып, мемлекеттік органдардың назарын бюджеттіжоспарлау кезіндегі сараптамалық жұмыстарға аудару;

- бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау сапасын арттыру;

- бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін, жауапкершілігін және бюджеттік процестің ашықтығын кеңейту.

Бюджет кодексі жаңа редакцияда елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайла ржасауға мүмкіндік беріп, мемлекеттің экономикалық саясат пен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруына оң әсер етеді.

Мәжіліс қабылдаған Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны