08.11.2019, 18:21 12207

Мәжілісмендер Ақтаудағы әскери бөлімдерге барды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаев оқ-дәрілерді сақтаудың жалпы жүйесі және оның даму перспективалары, әскери объектілердің инфрақұрылымын жетілдіру, сондай-ақ Арыс қаласында төтенше жағдайларды жою мен қалған оқ-дәрілерді орналастыру жұмыстары туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтан. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Атырау гарнизонының бірқатар әскери нысандарын аралады. Шара Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы шеңберінде ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының базалары мен қоймаларында қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету, сақтау объектілерін орналастыру және жайластыру бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаев оқ-дәрілерді сақтаудың жалпы жүйесі және оның даму перспективалары, әскери объектілердің инфрақұрылымын жетілдіру, сондай-ақ Арыс қаласында төтенше жағдайларды жою мен қалған оқ-дәрілерді орналастыру жұмыстары туралы айтып берді.

"Техникалық науқан жоспары аясында сақтау объектілерінде қоймаларға, аумақты жарықтандыруға, техникалық күзет құралдарына жыл сайынғы қызмет көрсету, ашық сақтау қоймалары мен алаңшаларды құлату, бастырмаларды, найзағайдан қорғау құрылғыларын орнату, техникалық аумақтардағы өрт сөндіру су қоймаларын орнату, жарамсыз оқ-дәрілердің тығындарын алу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде", - деді ол.

Оқ-дәрілерді сақтау жүйесін дамыту үшін, Қарулы Күштерде оқ-дәрілер мен сақтау нысанарын жүзеге асыратын бағдарлама мен кешенді жоспар құрылды. Олар қолданыстағы оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жайластыруды және шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, жаңаларын күрделі салуды көздейді. Сақтау объектілері шекарадан алыстығы, елдімекендер мен басқа да объектілерден, сондай-ақ басқа да қоймалардан қауіпсіз қашықтықта орналасуы сияқты талаптарға жауап беретін болады.

Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінде парламент депутаттарына қару-жарақ, әскери техника мен мүліктерді сақтаудың, арнайы медициналық құралдар базасының шарттары, сонымен қатар ҚР ҚК әскери-теңіз күштерінің кемелері көрсетілді.

Әскери нысандардың инфрақұрылымымен танысып, депутаттар айтылған проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және жайластыру бағдарламасының аралық қорытындыларын атап өтті. Көшпелі отырыс барысында айтылған сындарлы ұсыныстар заңнаманы жетілдіру аясында көрініс табатынын айтылды.

Отырысқа Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар Комитеті, Бас әскери прокуратура және облыс әкімдігінің басшылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны