08.09.2021, 19:06 15929

Мәжілісте Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды

Құжат Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын және жерүсті көздерінен ластануын ескере отырып, оның теңіз ортасына қолданылады.

НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Мәжіліс депутаттары Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хаттаманың мақсаты теңіз ортасы мен теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлықтың ластануын болдырмау, азайту және бақылау, оның биологиялық әралуандығын сақтауға және оның табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға әрі адам денсаулығын қорғауға жәрдемдесу үшін трансшекаралық тұрғыдан теңіз ортасына және құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін тиімді және ашық бағалау рәсімдерін жүргізу.

Құжат Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын және жерүсті көздерінен ластануын ескере отырып, оның теңіз ортасына қолданылады.

Сонымен қатар, Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Атап айтқанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы. Сонымен қатар, мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы және Қазақстан Ресей Үкіметтері арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялайтын заң жобалары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны