18.09.2019, 19:20 9156

Мәжілістің комитетінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасы келісілді

Талқылаудан кейін Бебіт Бәкірұлы Атамқұловтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болатындығы туралы Қорытынды қабылданды.

Нұр-Сұлтан. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Талқылаудан кейін Бебіт Бәкірұлы Атамқұловтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болатындығы туралы Қорытынды қабылданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны