13.02.2020, 18:13 7471

Маңғыстау облысында "Қошқар ата" жасанды көлінің айналасында "жасыл белдеу" құруға 120,5 млн. теңге бөлінді

Маңғыстау облысында тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) 66,2%-ы полигондарға шығарылады. Полигондарда түзілген ТҚҚ көлемі 2019 жылда 188,3 мың тоннаны құрап, оның 63,7 мың тоннасы немесе 33,8%-ы кәдеге жаратылған.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында "Қошқар ата" жасанды көлінің айналасында "жасыл белдеу" құруға 120,5 млн. теңге бөлінді.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарға есеп беру барысында баяндады. Сонымен қатар, аймақ басшысы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

-"Қарақия ауданының Сенек ауылы, Маңғыстау ауданының Тұщықұдық және Шебір ауылдарын көшпелі құмдардан қорғау, Түйесу және Бостанқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіруге 2019 жылы жергілікті бюджеттен 166 млн. теңге бөлінді", - деді аймақ басшысы.

Маңғыстау облысында тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) 66,2%-ы полигондарға шығарылады. Полигондарда түзілген ТҚҚ көлемі 2019 жылда 188,3 мың тоннаны құрап, оның 63,7 мың тоннасы немесе 33,8%-ы кәдеге жаратылған.

2019 жылдың басында "АқтауТазаҚала" ЖШС-нің жеке инвестициясы есебінен қалдықтарды сұрыптау станциясы Мұнайлы ауданында орнатылып, 25 000 тонна қалдық сұрыпталыпты.

-"Қарақия ауданының Жетібай және Құрық елді мекендеріндегі ТҚҚ полигондарының жанынан "Маңғыстау Тазалық" ЖШС-нің жеке инвестициясының есебінен қалдықтарды сұрыптайтын екі алаң іске қосылды. 2019 жылы 750 тонна қалдықты сұрыптады", - деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны