08.05.2019, 14:07 28599

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті

Ақтау. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті.

1941 жылы сұрапыл соғысқа Маңғыстау өлкесінен 6388 ер-азамат аттанған. Оның 4200 елге оралмай, жат жердің топырағы бұйырған. Бүгінгі күнде осынау сұм соғыс жаңғырығы қашықтаған сайын, оның отты күндерін бастарынан өткерген аға ұрпақ өкілдерінің саны да күн санап азаюда.

Кездесуге облыста қалған 16 ардагердің сегізі қатысты. Олар Достық Үйінде, бір Шанырақтан астында, бір үйдін баласындай тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген 22 этномәдениет орталықтарының мерекелік концертіне куә болды. Мерекелік дастарханнан дәм татып, соғыс жылдарынан сыр шертер бейнероликтерді тамашалады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері толықтай тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Құттықтау сөзінде Ералы Тоғжанов: "Құрметті ардагерлер, Бұл - Отан қорғау жолындағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың қайсарлығы мен қаһармандығының мерекесі. Сіздердің майдан шебіндегі теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Жылдар бойы сұм соғысқа шыдай білгендерді жылына бір рет емес, сағат сайын құрметке бөлеу біздің парызымыз", - деді облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны