08.02.2019, 23:12 12885

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы тұрғындарының саны 160 600 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8300 адамға көбейді

Ашылатын жұмыс орны 206.Ауданда 2019 жылы 48 жеке инвестициялық жобалар іске қосылады деп жоспарлануда. Осы жобалар іске асырылыған жағдайда аудан бойынша 1208 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Ақтау. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданының әкімі Р.Т.Елтизаровтың есеп беру кездесуіне қатысты.

2019 жылдың 1 қаңтарына аудан тұрғындарының саны 160 600 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8300 адамға көбейді (2017ж. - 152,3 мың адам). Табиғи өсім 3806, көші-қон сальдосы 4494.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 60 804,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 866,9 млн. теңгеге көбейді. (01.01.2018ж.-52 937,2 млн. теңге) Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері - 100% құрады (01.01.2018ж.-100,8%).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21 342,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 986,4 млн. теңгеге көбейген. (01.01.2018ж.-16 356 млн.теңге.). Құрылыс жұмыстарының көлемі 15 062,5 млн. теңгені құрады. (01.01.2018ж.- 20 558,3 млн.теңге). Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 69,8%. (01.01.2018ж.-103,8%)

Жалпы көлемі 170,6 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,8 мың шаршы метрге көбейген. (01.01.2018ж - 139,8 мың шаршы метр).

Білім саласына ағымдағы жылы 8 652,4 млн. теңге бөлінді (2017ж.-7 231,6млн.тг.), бұл барлық аудан бюджетінің 48,5% құрап отыр.

Қазіргі таңда, ауданда 15 мектеп және 1 лицей бар, онда 30 845 бала білім алады.

Былтырғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан 523 мектеп бітіруші түлектің 225-і мемлекеттік грантқа ие болды. Аудан бойынша 18 оқушы "Алтын белгі", 42 оқушы "Үздік аттестат" иегерлері атанды.

Сонымен қатар, биыл Басқұдық, Қызылтөбе ауылдық округтерінен әрқайсысы 600 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Биыл 2019 жылы облыстық бюджеттен Батыр ауылдық округінен 960 орындық мектептің және Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округіндегі қолданыстағы мектеп құрылысына қосымша әр қайсысы 320 орындық мектептердің құрылыс жұмыстарын бастауға 2 335 млн. теңге бөлінді. Жоғарыда аталған мектептердің құрылыс жұмыстары уақытылы басталып, жүргізілген жағдайда келесі оқу жылына дайын болады.

Балабақшамен қамту. Қазіргі таңда ауданда 15 мемлекеттік, 43 жекеменшік барлығы 58 балабақша жұмыс жасайды. Балабақшамен қамту 2017 жылы 83% болса, 2018 жылы 96,7% пайызға өсіп отыр.

Аудан аумағында 144 мал шаруашылығы және 40 егін шаруа қожалықтары тіркелген. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта 10 фермерлік типтегі және 2 өнеркәсіп типтегі жылыжай жұмыс жүргізуде.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 34 жобаға 455 млн.теңге кепілдендіру берілді, субсидиялау бойынша 1 жобаға 22 млн. теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді. (2017 жылы кепілдендіру 21 жоба 176,6 млн.теңге, субсидия 49 жоба 4 478 млн.теңге).

2019 жылдың 1-ші қаңтар айына 5 637 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (01.01.2018 жылы 5154), жұмыспен қамтылғандар саны 8910 адамды құрайды.

"Нұр Капитал" өңірлік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан ағымдағы жылы 830 млн.теңгені құрайтын барлығы 46 жоба мақұлданды. Қазіргі таңда, несие соммасы 439 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.

Ашылатын жұмыс орны 206.Ауданда 2019 жылы 48 жеке инвестициялық жобалар іске қосылады деп жоспарлануда. Осы жобалар іске асырылыған жағдайда аудан бойынша 1208 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Бүгінгі күнде, Басқұдық, Атамекен, Қызылтөбе және Дәулет ауылдық округтерін және Маңғыстау ауылы, Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивін газбен қамту құрылысының және Батыр ауылдық округінің электрмен қамту құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып сараптамадан қорытындысы алынды. Жоба құны 2 570,1 млн. теңге.

Батыр және Дәулет ауылдық округін газбен қамту құрылысының және Баянды ауылын электрмен қамту құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда, Баянды ауылын газбен қамту желісінің, Қызылтөбе және Маңғыстау ауылының электрмен қамту желісі құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамада қаралуда (2019 жылдың ақпан айы). Осы ауылдардың инженерлік-инфрақұрылымдары жүргізілген жағдайда тізім бойынша кезекте тұрған аудан тұрғындарына жер телімі берілетін болады.

Маңғыстау ауылының Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивіне жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың есебінен ("МКДСМ" АҚ) 15 шақырым автокөлік жолының құрылысы жүргізілді. (Жоба құны-709 млн.теңге)

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен мамандарды тұрақтандыру үшін Маңғыстау ауылынан 100 отбасына арналған жатақхана және аудан орталығынан кітапханасымен бірге мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Маңғыстау ауылынан 24 пәтерлі төрт қабатты жалдамалы 8 тұрғын үйдің және Батыр ауылы, Емір шағын ауданынан төрт пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылыстары аяқталды.

Маңғыстау облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 14 қарашадағы қорытындысы негізінде:

Маңғыстау - 1 тұрғын үй массивіне "Ақ Еспе";

Маңғыстау - 2 тұрғын үй массивіне "Бозжыра";

Маңғыстау - 3 тұрғын үй массивіне "Айрақты";

Маңғыстау - 4 тұрғын үй массивіне "Шерқала";

Маңғыстау - 5 тұрғын үй массивіне "Бесшоқы" атауы болып өзгертілді - деді аудан басшысы.

Облыс әкімі Тоғжанов аудан әкімінің есебіне оң баға беріп, алдағы уақытта атқарылатын бірнеше тапсырмаларды жүктеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны