28.05.2019, 20:16 14810

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Ақтау қалалық сотымен ол лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактілері бойынша кінәлі деп танылды

Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бұрын облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның брифингінде мәлім болды.

Ақтау қалалық сотымен ол лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеуге тартылды, деп хабарлайды ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны