22.07.2019, 19:23 10530

Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдық жұмыс нәтижесі қорытындыланды

Есептік кезеңде прокурорлармен 158 мың азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 3 млрд. теңге өндірілді, 2,5 млрд. теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today -Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі міндеттер айқындалды.

Есептік кезеңде прокурорлармен 158 мың азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 3 млрд. теңге өндірілді, 2,5 млрд. теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокурорлық қадағалау актілерімен 3,5 мың жұмысшының 407 млн. теңге жалақы бойынша берешегі өтелді.

Қылмыстық қудалау саласында алдыналу шараларымен аса ауыр қылмыстардың 18% жәнеауырлығы орташа қылмыстардың13% төмендеуіне қол жеткізілді.

Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық форматта756 қылмыстық іс тергелді, ол жалпы тіркелген істердің31,5% құрайды.

Прокурорлармен заңсыз ұсталған 9тұлға қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Уәкілетті органдармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыстың қылмыстық-атқару мекемелеріндежазаларын өтеп жатқан 505 тұлға жұмыспен қамтамасыз етілді.

Құқық қорғау қызметтері орталығында прокурорлар 650 азаматты қабылдап, оларға тиісті құқықтық көмек көрсетті. Алқа қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының басшылығымен бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны