23.06.2019, 23:43 10368

Маңғыстау ст.желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы мен жедел уәкілі 120 мың теңге көлемінде пара алған күдікті деп танылуда

Олар Алматы - Маңғыстау поезының бастығы мен бригадирінен жалпы қамқорлығы мен анықталған бұзушылықтарды жасырғаны үшін 120 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенуде.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Маңғыстау ст.желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы мен жедел уәкілінің алдын ала сөз байласуымен адамдар тобында пара алу фактілерін анықтады.

Олар Алматы - Маңғыстау поезының бастығы мен бригадирінен жалпы қамқорлығы мен анықталған бұзушылықтарды жасырғаны үшін 120 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенуде.

Бөлімше бастығына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жедел уәкілдің кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны