09.10.2026, 19:18 64641 / 12120

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: қаза тапқан әскерилердің отбасыларына берілетін төлемақы көлемі олардың өтініші бойынша жария етілмейді

Орын алған оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылған
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: қаза тапқан әскерилердің отбасыларына берілетін төлемақы көлемі олардың өтініші бойынша жария етілмейді
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары арасында жиналған қаражатты бөлу жұмысы аяқталды. Алайда туыстарының өтініші бойынша төлемдердің нақты сомасы жария етілмейді. Бұл туралы өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

"Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қорға түскен барлық қаражат Комиссия қабылдаған шешімдерге сәйкес және заңнамада белгіленген тәртіппен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінді. Сонымен қатар, орын алған оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылды", - деді Бекмұрат Жүсіпов.


Сонымен бірге, әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтау мақсатында төлемдердің нақты сомасы мен қаражат алушылардың дербес деректері жария етілмейді.

"Қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының бұл шешіміне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Комиссия өз жұмысын аяқтады. Түскен қаражаттың барлығы белгіленген тәртіппен бөлініп, қабылданған шешімдер тиісті құжаттармен рәсімделді", - деп толықтырды қоғамдық кеңес төрағасы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны