17.06.2019, 19:52 9103

Мағзұм Мырзағалиев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі лауазымына тағайындау туралы Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасымен келісті.

Нұр-Сұлтан. 17 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі лауазымына тағайындау туралы Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасымен келісті.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері М.Мырзағалиевке бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініңотырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны