13.06.2014, 18:57 2961

Мәдениет министрлігі мәдени даму бойынша Еуразиялық кеңес құрады

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстандағы мәдени даму тұжырымдамасын іске асыру аясында мәдени даму бойынша Еуразиялық кеңес құрады, деп мәлімдеді мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дөңгелек үстелде.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстандағы мәдени даму тұжырымдамасын іске асыру аясында мәдени даму бойынша Еуразиялық кеңес құрады, деп мәлімдеді мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дөңгелек үстелде.

"Біздің міндетіміз - 2030 жылға дейін Қазақстанды еуразиялық кеңістіктің орталығына айналдыру. Осы орайда мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдың жаңа ошағы құрылады. Мысалға, мәдени даму бойынша Еуразиялық кеңес қолға алынбақ", - дейді министр.

Оның айтуынша, мәдени даму бойынша осыған ұқсас түркі елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарында да кеңестер бар.

"Қазақстанның Еуразия орталығына, әлемдік геосаясаттың орталығына айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Мәдени тұрғыда біз жаңа институт құруымыз керек", - дейді ол.

Жалпы, ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 62 театр, 4,1 мың кітапхана, 45 концерттік ұйым, 3,1 мың клуб тектес мекеме, 125 ұйым, 224 музей, 112 сауық және демалыс паркі, 5 зоопарк пен 5 цирк жұмыс істеп тұр.

Министрліктің хабарлауынша, соңғы 10 жылда театрға бару көрсеткіші 35%-ға артқан. Кітапхананың тұрақты оқырмандары саны да 18% көбейген. Кинотеартға барушылар саны да 5 пайыз артқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны