17.05.2006, 12:51 3073

Мәдениет және ақпарат министрлігі “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заңның тиімді жұмыс істеуі үшін тоғыз нормативтік актінің жобасын жасауда

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Мәдениет және ақпарат министрлігі “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заңның тиімді жұмыс істеуі үшін заңға бағынышты тоғыз нормативтік актінің жобасын жасауда. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев бүгін мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және насихаттау мәселелеріне арналған қала және аудан әкімдерінің семинар-кеңесінде құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Министрдің айтуынша, “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заң жергілікті жерлерде толыққанды жүзеге асырылмай отыр. Оған себеп – ортақ реттеуші нормалар жоқ. Соның кесірінен әр жерде әртүрлі түсіндіріледі. “Қазір біз заңның толыққанды жұмыс істеуі үшін тоғыз нормативтік актінің жобасын жасап жатырмыз”,- деді Е.Ертісбаев.

Оның айтуынша, осындай ахуал “тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласында да байқалып отыр”.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны