16.05.2014, 20:55 3398

Магистранттар мен докторанттар жаңа бағдарлама бойынша оқытылады - БҒМ

Қазақстанда 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2 мыңға жуық магистранттар мен докторанттар жаңа ғылыми бағдарлама бойынша оқытыла бастайды. Бұл туралы бүгін сапалы мамандарды даярлау мәселесіне арналған парламеттік тыңдауда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2 мыңға жуық магистранттар мен докторанттар жаңа ғылыми бағдарлама бойынша оқытыла бастайды. Бұл туралы бүгін сапалы мамандарды даярлау мәселесіне арналған парламеттік тыңдауда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

"Бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі оқу орындарының зерттеу әлеуетін арттыру болып табылады. Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша Қазақстанның 3 жоғарғы оқу орнында және 10-нан астам ірі ғылыми орталықтар жаңа ғылыми және оқытатын бағдарламаларын жасақтауда. Ал, олар бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 1262 магистрант, 532 докторант оқытыла бастайды. Жалпы, соңғы жылдары білікті мамандарды даярлауға қыруар қаржы жұмсалуда. Тек 2014 жылдың өзінде 1,5 трлн. теңгеге жуық қаражат бөлінген", - деді А. Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы экономика үшін мамандарды даярлауда "Болашақ" бағдарламасының үлесінде атап өтті. Оның айтуынша, 2014-2017 жылдар аралығында 3598 түлек оқытылады. Олардың 1146 өз бетімен түскендер, бұл азаматтар жұмысқа орналасу үшін де жүгіретін болады. Ал, 2452 білімгер жұмысқа орналасуы кепілдендірілген бағдарламалық-әдістеме бойынша білім алып жатқандар.

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы ҮИИД МБ екінші бес жылдығына ҚР ИЖТМ және ұлттық компаниялардың тапсырысымен "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде мамандарды даярлау басталады.

Жалпы министрілің айтуынша, биыл ҚР "Білім туралы" заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу көзделген. Нәтижесінде, жоғары білім мен ТжКБ саласының жаңа заңнамалық және қаржылай жүйесі қалыптасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны