15.01.2008, 15:35 2097

МАИ қызметкерлерінің қайтыс болған боксшы Рузыбаевтан пара талап ету дерегін полиция қызметкерлері жоққа шығарып отыр

МАИ қызметкерлерінің қайтыс болған боксшы Рузыбаевтан пара талап ету дерегін полиция қызметкерлері жоққа шығарып отыр

Алматы. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жол полициясының қызметкерлерінің қайтыс болған Мұхтар Рузыбаев пен оның серіктестерінен пара талап ету дерегін полиция қызметкерлері жоққа шығарады. Бұл туралы М. Рузыбаевтың қаза болуына алып келген 2-қаңтар күнгі полиция қызметкерінің табельді қару қолдануы жөніндегі іс бойынша өткен брифингте Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Мұрат Ұрымханов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "

Пара беруге мәжбүрлеу туралы ақпарат тек куәгер Саитов пен Рақымовтың айтуы бойынша ғана алынған. Бізде табельді қару қолданар алдында қызметкерлер пара алумен айналысты деген ақпарат әзірге жоқ", - деді М. Ұрымханов.

Оның айтуынша, аға лейтенант Д. Үсенов қаруды жол полициясы қызметкерлеріне шабуыл жасалғаннан кейін ғана қолданған. Ерегес "Тойота-Сюрф" маркасындағы автокөлік тізгінінде отырған З. Саитов медициналық тексерістен өтуден бас тартқан кезде басталған. Көлікте М. Рузыбаев пен Р. Рақымов та болған.

"З. Саитов полицияның аға лейтенанты Д. Үсеновтың қолынан табельді қаруын тартып алуға әрекет жасаған. Сол кезде қару өздігінен атылып кеткен. Оқ М. Рузыбаевтың мойын тұсына келіп тиген. Оқ тиген жарақаттан ол көп кешікпей жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше оқиға орнында қаза тапты", - деді қалалық ІІД бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қорғаушылардың қатысуымен қайтыс болған М. Рузыбаевпен бірге болған З. Саитов пен Р. Рақымовтан жауап алынуда. "Іске қажетті медициналық, дактилоскопиялық, криминологиялық, баллистикалық, техникалық сараптамалар жасалады".

Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 321 бап 2 тармақ (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғаған. "Толық, жан-жақты және объективті тергеуге арналған барлық тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІД бастығының бұйрығымен арнайы тергеу тобы құрылды", - деп хабарлады ішкі істер департаментінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны