09.04.2015, 11:46 4705

Майдангерлерге соғыс уақытында қолданылған қару-жарақ көрсетілді

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында көптеген әлеуметтік, мәдени және патриоттық тұрғыда акциялар өтті. Искери қызметшілер Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлерін құттықтап, концерттік бағдарламалар мен сый-құрмет көрсетуде

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында көптеген әлеуметтік, мәдени және патриоттық тұрғыда акциялар өтті. Искери қызметшілер Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлерін құттықтап, концерттік бағдарламалар мен сый-құрмет көрсетуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысы Іле полигонындағы 61993 әскери бөлімі ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері бөлімдерініӊ әскери қызметшілері ардагерлерге арнап ерекше акция өткізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Полигонда майдангерлер үшін арнайы соғыс кезінде қолданған атыс қарулары, оныӊ ішінде "Colt" 11, 43 мм, "Sig - Sauer - P2206", "Parabellum","Visrodom", "Вольтер", "Стор", "Токарев", "Наган", "Мосин карабині" мылтықтары, "Максим" пулеметі, Шпагин 7,62 мм тапанша-пулеметі, МП-20 автоматы және басқа да қарудыӊ үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар жауынгерлер қарудыӊ тактикалы-техникалық сипаттамасы туралы айтып берді.

Ескі нұсқадағы қаруларды көрсетіліп қана қоймай, майдангерлерге қаруды қолдарына алып, шайқаста қалай қолданғандығын еске түсіруге мүмкіндік берілді. Артта қалған соғыс жылдарын еске ала отырып ардагерлер Калашников автоматы мен Макаров пистолетінен нысананы дәлдікпен атты.

Аэроұтқыр әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов ардагерлерді Жеӊістіӊ 70 жылдығымен құттықтады. Батырларымызға сұраплы соғыста жеӊіп шыққаны үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі, сонымен қатар ардагерлерімізге кіші буын өкілдері құрмет көрсетіп, қолдау көресту қажеттігі жөнінде атап өтті.

Соғыс ардагерлері отставкадағы полковниктер Васлилий Зинченко және Петр Мозговой сұрапыл жылдарды еске ала отырып, "Қазбат" бітімгерлік батальоныныӊ әскери қызметшілеріне соғыс тарихы жайында әӊгімелеп берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны