26.09.2007, 18:22 2536

"Мак-2007" жедел-профилактикалық шаралары аясында Изербайжанның төрт азаматы ұсталды

"Мак-2007" жедел-профилактикалық шаралары аясында Изербайжанның төрт азаматы ұсталды


Павлодар. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Мак-2007" жедел-профилактикалық шаралар аясында Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы мен есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Изербайжанның төрт азаматын құрықтап, олардан 111 грамм героин тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Полицияның ақпараттарына сүйенсек, оларды дүйсенбі күні кешке жедел ақпаратты тексеру барысында ұсталған. Жол полициясының қызметкерлері "Тойота-Креста" көлігін тоқтатқан. "Көлікте Изербайжан Республикасының төрт азаматы мен Павлодардың бір тұрғыны болған. Белгілі бір уақыттан бері облыс орталығында тұратын әзербайжандықтан 111 грамм героин тәркіленді; ол жедел қызметкерлерге есірткіні өзінің керектенетіндігін, және де оны үнемі өзімен бірге алып жүретіндігін айтып бағуда",- деп мәлім етті агенттік тілшісіне берген сұхбатында аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанна Белялова.

Бірақ, полицейлер есірткіні сатуға дайындаған, деген болжам жасап отыр. Олардың болжамына сүйенсек, қылмыскерлер сатып алушымен кездесуден бірнеше сағат бұрын қолға түскен. Қазір жедел қызметкерлер есірткінің шыққан тегін анықтауда.

"Қазір павлодардың 19 жасар тұрғынынан жауап алынуда, себебі көлік соған тиесілі болып отыр. Бакудің тұрақты тұрғындары болып табылатын Изербейжанның үш азаматын көші-көн полициясы желісі арқылы тексеруде, ал Павлодарда тұратын әзербайжандық қамауға алынды",- деп атап өтті Ж. Белялова.

Изербайжан Республикасының 32 жасар тұрғынының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойныша қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді.

Тәркіленген героиннің қара базардағы құны, жедел қызметкерлердің бағалауынша, 350 мың теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны