25.08.2015, 17:36 3537

"МАКС-2015" көрмесін ұйымдастыру элементтері "KADEX-2016" қолдаланылатын болады

Бүгін "МАКС-2015" XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоны басталды. Бұл көрмеге тәжірибе жинақтау және ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Қорғаныс министрлігініӊ әскери қызметшілері қатысуда

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін "МАКС-2015" XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоны басталды. Бұл көрмеге тәжірибе жинақтау және ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Қорғаныс министрлігініӊ әскери қызметшілері қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"МАКС-2015" XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоныныӊ аясында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов "Ростех" мемлекеттік корпорациясыныӊ бас директоры Сергей Чемезовпен, "Рособороноэкспорт" бас директоры Анатолий Исайкинмен, сондай-ақ "Иркут" корпорациясыныӊ президенті Игорь Демченкомен және "Ресей тікұшақтары" ААҚ бас директоры Александр Михеевпен кездесті. Кездесулер отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында өткізілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Авиасалоннан авиатехниканыӊ әскери және азаматтық үлгілерін және оған қатысты материалдарды, сондай-ақ тәжірибелі ұшу аппараттары мен әскери жиынтықтарды көруге болады. Көрмеге барлығы 800-ден астам компаниялар мен ұйымдар қатысуда. Осындай ауқымды іс-шараны көрші елде өтуі алдағы кезде Астана қаласында өтетін "KADEX-2016" халықаралық көрмесін өткізуге тәжірибесі жинақтау үшін айтарлықтай маӊызды болып табылады.

"Біз "KADEX" көрмесініӊ ерекше, сирек өтетін ерекшелігі болғанын қалаймыз. Аталған "KADEX" көрмесініӊ көп жоспарлы құрылымы бар. Көрмеде тек авиатехника жасайтын авиашоу ғана емес, сонымен бірге құрлық әскерлері және теӊіз әскерлері өзініӊ қару-жарағы мен бар қуатын көрсетеді. Бұлардыӊ бәрі кез-келген көрмені ұйымдастыру үшін аса маӊызды", - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Искери-техникалық саясат департаментініӊ бастығы полковник Бақыт Құрманбаев.

Көрме жалпы көлемі 19 мыӊ шаршы метрді және ені 1 200 шаршы метрді құрайды, бұл павильондарда 356 авиатехниканыӊ экспонаттарын ұсынуға әкелген әлемніӊ 44 елінен барлығы 864 қатысушы компания қатысуда.

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестер, екі ел арасындағы жан-жақты және екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны