11.06.2018, 16:46 6023

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде жаӊа аудандардыӊ құрылуына байланысты "Елбасыныӊ Жарлығы - өӊірдіӊ өркендеуі" атты салтанатты шара өтті

Айта кетерлігі, енді жаӊа құрылым бойынша Жетісай ауданыныӊ аумағы - 104428 гектарды, халқыныныӊ саны - 172 903-і құрайды. Құрамында 13 ауылдық округ пен 113 елді мекен болмақ. Орталығы- Жетісай қаласы. Ал Мақтаарал ауданыныӊ аумағы 80970 гектарды құраса, халқыныӊ саны - 131781. Ауданда 11 ауылдық округ пен 69 елді мекен қарамағында болады. Орталығы - Мырзакент кенті.

Шымкент. 11 маусым. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен Мақтаарал ауданы Атакент кентінде жаӊа аудандардыӊ құрылуына байланысты "Елбасыныӊ Жарлығы - өӊірдіӊ өркендеуі" атты салтанатты шара өтті. Оған облыстық мәслихаттыӊ хатшысы Қ.Балабиев, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.Жолдасов, сондай-ақ облыстық мәслихаттыӊ депутаттары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аудандағы "Алпамыс батыр" атындағы орталық стадионында өткен шара өӊірдіӊ тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылыммен басталды. Алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы тарихи оқиғаныӊ маӊызына тоқталып, жергілікті жұртқа құттықтауын жеткізді.

"Елбасымыз Мақтааралға қатысты Жарлығын Оӊтүстіктіӊ жұртшылығы айрықша зор қуанышпен қабылдады. Халқы еӊ тығыз шоғырланған ауданды Мақтаарал және Жетісай деп бөліп берген Президентімізге ел ерекше ризалығын білдіруде. Мырзашөл жері аса құтты, қымбат мекендердіӊ бірі. Осы дала төсінде маӊдай терін төккен 35 жерлесімізге кешегі Одақтыӊ еӊ жоғары наградасы Социалистік Еӊбек Ері атағы берілуі тегін емес. Сондықтан қасиетті Мырзашөл өрлік пен ерліктіӊ, қайсарлық пен қаһармандықтыӊ құтты мекені десек артық айтқандық емес. Баршаӊызды Оӊтүстік Қазақстан облысы үшін маӊызды да, айтулы осындай оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!", - деді облыс әкімі.

Айта кетерлігі, енді жаӊа құрылым бойынша Жетісай ауданыныӊ аумағы - 104428 гектарды, халқыныныӊ саны - 172 903-і құрайды. Құрамында 13 ауылдық округ пен 113 елді мекен болмақ. Орталығы- Жетісай қаласы. Ал Мақтаарал ауданыныӊ аумағы 80970 гектарды құраса, халқыныӊ саны - 131781. Ауданда 11 ауылдық округ пен 69 елді мекен қарамағында болады. Орталығы - Мырзакент кенті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы салтанатты жиында ауданға еӊбегі сіӊген бірқатар азаматтарды марапаттады. Атап айтқанда, "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" медалімен Мақтаарал аудандық орталық ауруханасыныӊ аға мейірбикесі Көкбаева Қарлығаш, шаруа қожалық төрағасы Арапов Алейдар және Кенжаев Туркмон, Оӊғаров Сейітбек сынды ардагерлер иеленді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, құқық қорғау саласында жемісті еӊбек етіп келе жатқан өӊір тұрғындары Облыс әкімініӊ грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелі шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған жұрт жергілікті өнерпаздардыӊ өнерін тамашалады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны