17.05.2006, 19:24 3084

Малайзия парламенті өкілдер палатасының төрағасы елімізге сапармен келеді

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Малайзия парламенті өкілдер палатасының төрағасы Тан Сри Дато Сери Дираджа Рамли бин Нгах Талиб Қазақстанға ресми сапармен келмек. Kazakhstan Today тілшісінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында болғаннан кейін мамырдың 18-інде мейман Астанаға, одан кейін Алматыға келеді деп күтілуде.

Елордада болу бағдарламасына сәйкес, 19-мамырда Малайзия парламентінің спикері ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен, мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімовпен, парламент сенатыынң жетекшісі Нұртай Ибіқаевпен және Қазақстанның бас мүфтиі Ибсаттар қажы Дербісәлімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны