26.11.2017, 12:28 4609

Мәлік Мырзалин Ақмола облысы Целиноград ауданыныӊ Қараөткел ауылында болды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 24 қарашада Қараөткел ауылында әлеуметтiк нысандарды аралап, ауылдыӊ алдағы даму жоспарымен танысты.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 24 қарашада Қараөткел ауылында әлеуметтiк нысандарды аралап, ауылдыӊ алдағы даму жоспарымен танысты.

Естерiӊiзге сала кетейiк, осыдан бiр апта бұрын Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметi алаӊында болған пресс- конференция барысында, Мәлiк Мырзалин журналистердiӊ Қараөткел ауылына қатысты қойған сауалдарына, елдi мекендегi ахуалды келiп көремiн деген болатын.

Астана iргесiнде орналасқан бұл ауылда бүгiнгi таӊда 20 мыӊнан астам адам тұрады. Қараөткелде 7 жеке бала бақша, 2 мектеп, дәрiгерлiк амбулатория бар. Астана айналасындағы ауылдардыӊ әлеуметтiк-экономикалық даму кешендi жоспарыныӊ 1 кезеӊi бойынша мұнда 1200 орындық жаӊа мектеп, сумен қамтамасыз ету мақсатында су қорын барлау жұмыстары жүргiзiлiп, ауыл iшiнде су құбыры тартылып, 2 резервуар мен бас жоспарға өзгерiстер енгiзiлген.

Даму жоспарыныӊ екiншi кезеӊi бойынша мұнда ауылды сумен қамтамасыз ететiн Сабынды-Ақмол су таратқышын реконструкциялау жобасы әзiрленген, ендi осы жобаға сәйкес су таратқыш стансада күрделi жөндеу жүргiзу қажет, сонымен қатар, сумен қамтамасыз ететiн жүйелер құрылысы жоспарланған. Сондай ақ, алдағы уақытта мұнда 2 бала бақша, ауылiшiлiк 96 шақырым жолдыӊ құрылысы көзделген. Аймақ басшысы Қараөткелдiӊ алдағы жоспарымен танысып, жолдар жөндеуге арналған жобалық құжатты әзiрлеу жұмысын жеделдетiп, құрылыс жұмыстарын келесi жылдыӊ көктемiнде бастауды тапсырды. Ал, қажеттi әлеуметтiк нысандарды мемлекеттiк жеке серiктестiк арқылы инвестиция тартып шешудi жүктедi.

Сондай ақ облыс әкiмi, Астана iргесiнде орналасқан аудан әкiмдерi мен жауапты облыстық басқарма басшыларына журналистерге арнап, дәстүрлi баспасөз мәслихатын өткiзiп тұруды жүктедi.

"Бұл шара, тұрғындардыӊ түйiткiлдi сұрақтарына жауап берiп әрi халықтыӊ жергiлiктi атқарушы органдардыӊ жұмысымен танысуға септiгiн тигiзедi", -дедi Мәлiк Мырзалин.

Аймақ басшысы ауылда 2010 жылы ашылған "Ақжелкен" бала-бақшасы мен жергiлiктi мектепте болды. Дәрiгерлiк амбулатория жұмысымен де танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны