11.02.2014, 19:07 3065

МАМ басшысы облыс әкімдерінен ҚР театрларын қайта жөндеуден өткізуге қаржы бөлуді өтінді

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Үкімет отырысында облыс әкімдерінен ҚР театрларын қайта жөндеуден өткізуге қаржы бөлуді өтінді.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Үкімет отырысында облыс әкімдерінен ҚР театрларын қайта жөндеуден өткізуге қаржы бөлуді өтінді.

"Икімдерден өтінерім, жаңа театрлар өздерінің ерекшелігі, көпфункционалдылығы, сахналық параметрі, акустика сынды талаптарына сай болғаны жөн. Осы мәселе бойынша министрлік кеңес беруге әзір", - деп Мұхтар Құл-Мұхаммед өз ойын білдірді.

Сонымен қатар, министр Иуезов, Лермонтав, Мүсірепов сынды республикалық театрларда арнайы сахналық техникалық-құралдар жетіспейтінін тілге тиек етті.

"Ал, облыстық театрларда бұл мәселе мүлдем шешілмеген. Аймақтық театрлардың 80% қайта жөндеуден өтпеген, арнайы сахналық техникалық-құралдар 30 жылдан бері жаңартылмаған. Осыған байланысты, облыс әкімдерінен құрылысы жоспарланбаған аймақтарда театрларға "Жол картасы" бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыруды сұраймыз", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны